Эмитенттің жеке кабинетінде жаңа қызмет – акционерлердің сырттай жалпы жиналысын электрондық тәсілмен өткізу қолжетімді

3 ақпан 2025

Құрметті клиенттер!

2025 жылғы 23 қаңтардан бастап эмитенттің Жеке кабинетінде "Корпоративтік іс-әрекеттер" бөлімінде жаңа қызметтің – акционерлік қоғамдар акционерлерінің сырттай жалпы жиналысын электрондық тәсілмен өткізудің қолжетімді екендігі туралы хабарлаймыз. Эмитенттің Жеке кабинеті барлық эмитенттер – тіркеу рәсімінен өткен акционерлік қоғамдар үшін cabinet.kacd.kz адресінде қолжетімді.

Эмитенттің Жеке кабинетінде акционерлік қоғамға өткізілетін жиналыстың параметрлерін айқындау, дауыс беру кезеңін белгілеу, жиналысқа материалдарды жүктеу, дауыс беру қорытындыларын қалыптастыру мүмкіндігі берілген.

Қоғамның акционерлері ұстаушының Жеке кабинеті арқылы жиналыс материалдарымен танысып, дауыс беруге арналған электрондық бюллетеньді толтыра алады.

Жеке кабинетті пайдалану мәселелері бойынша төмендегілер арқылы хабарласуға болады:

  • электрондық почта: helpdesk@kacd.kz
  • телеграм-бот: @helpdesk_kcsd_bot
  • телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50