Жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлердің тізілімін сұрату эмитенттің жаңа Жеке кабинетінде қолжетімді

21 қаңтар 2025

Құрметті клиенттер!

Сіздерге 2025 жылғы 20 қаңтардан бастап Эмитенттің жаңа Жеке кабинетінің "Ақпараттық қызметтер" бөлімінен жалпы жиналыс өткізу үшін акционерлердің тізімін алуға болатынын хабарлаймыз. Эмитенттің Жеке кабинеті тіркеу рәсімінен өткен барлық эмитенттер үшін cabinet.kacd.kz адресінде қолжетімді.

Жалпы жиналысты өткізу үшін акционерлер тізімін алу функциясының 2025 жылғы ақпан айының соңына дейін Жеке кабинеттің (portal.kacd.kz) ескі нұсқасынан өшірілетініне назар аударамыз.

Жеке кабинетті пайдалану мәселелері бойынша ақпарат:
– электронды почта: helpdesk@kacd.kz;
– телеграм-бот арқылы: @helpdesk_kcsd_bot;
– телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50.

 

Құрметпен,
Орталық депозитарийдің
"Жергілікті корпоративтік іс-әрекеттер" командасы