Қазақстандағы брокерлік шоттар 11 айда 41%-ға өсті

15 желтоқсан 2025

2025 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 4 945 213 шотқа жетті, оның ішінде  697 592 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 4 247 621 – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар* арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.    

2025 жылғы қарашада Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 134 647    немесе 2,8 % өсті. Өсім омнибус-шоттар арқылы есептелетін ұстаушылардың брокерлік шоттарына түседі. 

Көрсетілген кезеңде олар 133 870  немесе 3,25 %, ұлғайды, бұл ретте ұстаушылардың қосалқы шоттары 777 шотқа немесе 0,1 % өсті.  

2025 жылдың 11 айында Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 1 444 427  шотқа немесе 41,2 % өсті.
Қосалқы шот ұстаушылардың саны 12 179 шотқа немесе 1,8% - ға өсті. Ал омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарының саны 1 432 248 шотқа немесе 50,9% - ға өсті.

"Қазақстанда брокерлік шоттар санының өсуі халықтың қор нарығына қызығушылығының артып келе жатқанын айқындайды. Мұндай динамика инфрақұрылымды жетілдіруді, заманауи технологиялық шешімдерді енгізуді және инвестициялық сервистердің қолжетімділігін арттырудың  ғана емес, сонымен қатар азаматтардың бағалы қағаздар нарығының құралдарына деген сенімін айтарлықтай нығайтуды да көрсетеді", – деп атап өтті Орталық депозитарийдің басқарма төрағасы Еділ Медеу.

* "омнибус-шот" – клиенттік активтердің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың арнайы типі.