"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің 2025 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен Еділ Медеу Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.
Еділ Медеудің қаржы секторында 16 жылдан астам тәжірибесі бар. Ол ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде (бұдан әрі – ҚНА) жұмыс істеп, бағалы қағаздар нарығы департаменті директоры лауазымын қоса алғанда, басшылық қызметтер атқарды.
Соңғы төрт жылда Еділ Медеу Орталық депозитарийдің Басқарма төрағасының орынбасары болып, Орталық депозитарийдің операциялық қызметіне, стратегия және бизнесті дамытуға, тәуекелдерді басқаруға, халықаралық ынтымақтастық және баспасөз қызметіне жетекшілік етті.
Ол 2022-2024 жылдарға арналған даму стратегиясы, тұрақты даму саясаты, ESG стандарттарын және басқа құжаттарды енгізу жоспары сияқты Орталық депозитарийдің бағдарламалық және стратегиялық құжаттарын әзірлеуге тікелей қатысты. Бұдан басқа, оның жауапкершілік аймағына АФР, АХҚО, Euroclear, Clearstream, Bank of New York Mellon, сондай-ақ депозитарлық қызмет шеңберінде Орталық депозитарийдің клиенттерімен қатынас дамыту кірді. Осы ұйымдармен бірлесіп және оның белсенді қатысуымен бірқатар бастамалар іске асырылды, оның ішінде бағалы қағаздар нарығында қызметтің жаңа бағытын енгізу – шот операторы, Bank of New York Mellon жаһандық кастодианында АҚШ-та тікелей кастодиандық шот ашу, Орталық депозитарийдің АҚШ ішкі кірістер қызметінен білікті делдал мәртебесін алуы (Qualified Intermediary).
2023 жылғы мамырдан бастап ол Орталық депозитарийлердің дүниежүзілік форумы (World Forum of Central Securities Depositories) кеңесінің төрағасы болып сайланды. Оның осы қызметтегі негізгі міндеті – 2025 жылы Алматы қаласында өтетін Орталық депозитарийлердің дүниежүзілік форумын ұйымдастыру.
Оның мемлекеттік органдар мен Орталық депозитарийдегі жұмыс жылдарында жинақталған тәжірибесі мен білімі Қаржы нарығын реттеушімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, және Қазақстан қор биржасымен тығыз коммуникацияда және ынтымақтастықта Орталық депозитарийді дамытудың берілген бағытын жалғастыруға, оның ішінде Орталық депозитарийдің нарықтың инфрақұрылымдық ұйымы ретіндегі орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталатын болады. Сонымен қоса, бағалы қағаздарды дамыту, ағымдағы сервистерді дамыту және депозитарлық және тіркеу қызметіне жаңа сервистерді енгізу, бағалы қағаздар бойынша есепке алу және есеп айырысу процестерін одан әрі автоматтандыру, сондай-ақ Орталық депозитарийдің қызметіне инновацияларды енгізу.
Оның басшылығымен Орталық депозитарийді жергілікті депозитарийден өңірлік депозитарлық хабқа трансформациялау жалғасады деп күтіледі.
Анықтама үшін:
Орталық депозитарий (KCSD) трейдингтен кейінгі қызметтер саласындағы қазақстандық қаржы нарығының негізгі инфрақұрылымдық ұйымы болып табылады және 28 жылдан астам қызмет көрсетіп келеді.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығында KCSD бағалы қағаздарға меншік құқығын есепке алудың бірыңғай орталығы ретінде әрекет етеді, барлық биржалық және биржадан тыс мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады, сондай-ақ жергілікті қатысушыларға бағалы қағаздарды есептеудің халықаралық жүйелеріне қол жеткізуді ұсынады.
KCSD өз клиенттеріне депозитарлық, тіркеу және ақпараттық қызметтерді, сондай-ақ банктік шоттарға қызмет көрсетуді және төлем агентінің қызметтерін ұсынады. KCSD Ұлттық Банктің, Қаржы министрлігінің және Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының уәкілетті депозитарийі болып табылады.
WFC кеңесі орталық депозитарийлердің мынадай бес өңірлік қауымдастығын біріктіреді: Еуразия (AECSD), Еуропа (ECSDA), Америка (ACSDA), Африка және Таяу Шығыс (AMEDA) және Азия-Тынық мұхит өңірі (ACG).
МЕДЕУ ЕДІЛ АХМЕТҚАЛҰЛЫ
Білімі
2007 жылы әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірді.
2009 жылы ҚР Ұлттық Банкі мен Т. Рысқұлов ат. Қазақ экономикалық университетінің бірлескен жобасы негізіндегі "Қаржы" мамандығы бойынша магистратураны бітірді.
2017 жылы Жапония, Токио қаласындағы Мемлекеттік Басқарудың Ұлттық Жоғары Мектебін бітірді, біліктілігі – экономика магистрі.
Жұмыс тәжірибесі
2009–2011 – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі, Бағалы қағаздар нарығы субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын реттеу департаменті, қашықтықтан қадағалау басқармасының бас сарапшысы;
2011–2014 – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитеті, бағалы қағаздар нарығы субъектілерін қадағалау департаменті, қашықтықтан қадағалау басқармасы бастығының орынбасары;
2014–2019 – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:
2014–2019 – Бағалы қағаздар нарығы департаменті, бағалы қағаздар нарығын дамыту басқармасының бастығы;
2019 – Бағалы қағаздар нарығы департаменті, директор;
2020–2021 – Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, Бағалы қағаздар нарығы департаменті, директор;
2021 –2025 – "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасының орынбасары;
2025 – осы уақытқа дейін - "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ, Басқарма төрағасы.