Жаңа Жеке кабинеттегі ақпараттық қызметтерге қолжетімділік

16 ақпан 2026

Орталық депозитарий порталдағы функцияларды Жеке кабинетке кезең-кезеңімен көшіруде.

2026 жылғы 01 наурыздан бастап тіркеуші қызметті жүзеге асыру кезінде эмитенттер мен қаржы құралдарын ұстаушыларға келесі ақпаратты ұсыну тек Жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады.

Эмитенттерге:

  • бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі;
  • серіктестікке қатысушылар тізілімі;
  • акционерлердің жалпы жиналысын өткізу үшін акционерлер тізімі;
  • эмитенттің ірі акционерлері туралы анықтама;
  • бағалы қағаздарды өтеу кезінде төлемдерді жүзеге асыру үшін ұстаушылар тізімі;
  • бағалы қағаздар бойынша кірістерді есептеу үшін ұстаушылар тізімі;
  • орналастырылған бағалы қағаздардың жалпы санының __ және одан да көп пайызына иелік ететін бағалы қағаздарды ұстаушылар туралы анықтама;
  • жарғылық капиталдағы үлесі __% және одан да көп болатын серіктестік қатысушылары туралы анықтама;
  • түпкілікті меншік иелері көрсетілген акционерлер тізімі;
  • өзге мақсаттар үшін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі;
  • өзге мақсаттар үшін серіктестікке қатысушылар тізілімі;
  • құрал бойынша тіркелген мәмілелер (операциялар) туралы есеп

Бағалы қағаз ұстаушыларына:

  • дербес шоттан үзінді көшірме (оның ішінде белгілі бір атаудағы құралдар бойынша);
  • дербес шот бойынша құралдармен жасалған тіркелген операциялар туралы есеп (оның ішінде белгілі бір атаудағы құралдар бойынша);
  • тұлғаның пайдасына құралдар бойынша тіркелген құқықтар туралы анықтама

Жоғары берілген ақпарат бұдан былай portal.kacd.kz порталында қолжетімді болмайды.

Жеке кабинетке қосылу мәселелері бойынша келесі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыздар:

электрондық пошта: helpdesk@kacd.kz

телеграм-бот: @helpdesk_kcsd_bot

телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50