Кейбір ресейлік компаниялардың Орталық депозитарийге қатысты берген талаптарына қатысты

12 қаңтар 2024

Мәскеу қаласының Арбитраждық сотына ресейлік компаниялардан шығындарды өтеу туралы бірнеше талап арыз түсті. "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (бұдан әрі – Орталық депозитарий) сот талқылауларына ортақ жауапкер ретінде қатысуға тартылды.

Орталық депозитарий оны аталған сот талқылауларына ортақ жауапкер ретінде тарту негізсіз деп санайды. Шетелдік бағалы қағаздарды есепке алу халықаралық депозитарийде жүзеге асырылады. Орталық депозитарий шарттық қатынастар шеңберінде шетелдік бағалы қағаздармен операцияларды есепке алу және тіркеу жөніндегі делдалдардың бірінің функцияларын орындайды және өз депоненттеріне қатысты жаһандық кастодиандар мен депозитарийлер белгілеген шектеулер мен тыйымдарды қолданады. 

Орталық депозитарийдің (1) егер мұндай операцияларға қатысты жоғары тұрған деңгейде шектеулер белгіленсе, операцияларды тіркеуге және (2) егер осы кірістер Орталық депозитарийдің жаһандық кастодиандар мен депозитарийлердегі шоттарына түспесе немесе осы қаражат жоғары тұрған есептік ұйым деңгейінде бұғатталған болса, шетелдік бағалы қағаздар бойынша кірістерді бөлуге мүмкіндігі жоқ.

Орталық депозитарий аталған мәселе бойынша сот талқылауын 2023 жылдың қараша айынан бастап жүргізіп келеді және аталған дауларды Мәскеу қаласының Арбитраждық сотында қарауға қатысты қарсылығын мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы конвенцияны қоса алғанда, бірқатар халықаралық келісімдер мен конвенциялар қолданылады. Оларға сәйкес заңды тұлғаларға талап оның аумағында заңды тұлғаның басқару органы орналасқан мемлекеттің соттарына қойылады. Басқаша айтқанда, мұндай талапты қазақстандық соттар Орталық депозитарийдің орналасқан жері бойынша қарауы тиіс.

Орталық депозитарий жаһандық кастодиандар мен депозитарийлер тарапынан қолданылатын санкциялық шектеулерге байланысты шектеулерді, тыйымдарды және тәуекелдерді тұрақты негізде қадағалап, өз клиенттеріне осындай өзгерістер туралы уақтылы хабарлап отырады.