Орталық депозитарийдегі шоттар саны екі миллионға жуықтады

20 шілде 2023

Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі шоттар саны жыл басымен салыстырғанда 102 %-ға өсті. 2023 жылғы 1 шілдеде KCSD жүйесінде 1 946 мың шот ашылды, оның ішінде 685 мыңы тікелей KCSD есепке алу жүйесінде ашылған сегрегацияланған қосалқы шоттарға тиесілі, қалған  1 261 мыңы – агрегирленген омнибус-шоттар арқылы есепке алынуға жататын KCSD депоненттерінде ашылған инвесторлардың брокерлік шоттарына тиесілі.

Салыстырма ретінде, 2023 жылғы 1 қаңтарда KCSD жүйесінде 963 мың шот ашылды, оның 550 мыңы қосалқы шоттарға, 413 мың брокерлік шоттар – омнибус-шоттарға тиесілі болды. KCSD есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздарды ұстаушылардың 99%-ы қазақстандық инвесторлар. 2023 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша бейрезиденттер үлесі бөлшек инвесторларға ашылған шоттардың жалпы санының 0,8 % ғана құрайды.

KCSD есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректердің негізінде қазақстандық инвестордың портретін құрайды. 

Қазақстандық инвестордың портреті 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында өзгерді. Әйел-инвесторлардың саны белсенді өсуде. Пайыздық қатынаста 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында әйел-инвесторлардың саны 5 %-ға өсті. Егер жыл басында әйелдердің үлесі 44,8% құраса, жылдың ортасында олардың үлесі 50 %-ға жуық болды.

"Әйел-инвесторлар санының өсуі қаржы нарықтарында гендерлік теңдікті қамтамасыз етудегі маңызды қадам болып табылады. Ақпаратқа қолжетімділіктің артуы және онлайн-инвестициялау мүмкіндіктері де әйел-инвесторлардың өсуіне ықпал етті. Бұл үрдіс болашақта да жалғасып, инвестициялық саладағы әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде", – деп санайды KCSD Басқарма төрағасы Әділ Мұхамеджанов

Жас арақатынасы тұрақты болып қалып отыр. Ең үлкен топ әлі күнге дейін 35-54 жас аралығындағы инвесторлар болып табылады, олардың үлесі 36,8 % құрайды. Екінші орында 25-34 жас аралығындағы топ, ол да бөлшек инвесторлардың жалпы санының 31 %-ын құрайтын тұрақтылықты сақтап отыр.

Үшінші орында – 18-24 жас аралығындағы инвесторлар тобы, ол бөлшек инвесторлардың жалпы санының 18 % құрады.

Аумақтық көшбасшылықты бұрынғыдай Алматы (19,9 %) және Астана (11,3 %) сақтап келеді.

Үшінші орынға Түркістан облысы (9,3 %) жайғасқан. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың ең аз саны әлі де Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі (1,7 %). Бұл үрдіс ағымдағы жылдың басынан бері жалғасып келеді.