Құрметті клиенттер!
Орталық депозитарий шоттарды уақтылы төлеу қажеттігін назарларыңызға салады. Тарифтер мен алымдар туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 30-бабының 3-тармағына сәйкес жиынтық шот ұсынылған күннен бастап 20 күнтізбелік күн ішінде төленуі тиіс.
Жиынтық шот Орталық депозитарийдің тиісті есептік кезең ішінде тарифтер мен алымдарды төлеушіге көрсеткен қызметтері үшін тарифтерді, сондай-ақ Ережеде көзделген алымдарды қамтиды.
Шоттар бойынша белгіленген төлем мерзімін ескеріп, ұсынылған шоттар бойынша міндеттемелерді уақтылы орындауды сұраймыз.
Ереженің 31-бабына сәйкес шот белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда, шарттардың қолданысының тоқтатыла тұруы, ал қызметтер көрсетудің тоқтатылуы мүмкін екенін назарларыңызға саламыз. Қызмет көрсетуді қайта бастау қолданыстағы тарифтердің талаптарымен, оның ішінде қызмет көрсетуді қайта бастау қызметі үшін ақы төлеу шартымен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Ереженің 31-бабының 5-тармағына сәйкес Орталық депозитарий тарифтер мен алымдарды төлеушіге сотқа дейінгі талап қоюға құқылы.
Ереженің қолданыстағы редакциясымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Ынтымақтастығыңыз бен түсіністігіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Барлық сұрақтар бойынша төмендегі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыздар:
- электрондық пошта: helpdesk@kcsd.kz
- Telegram-бот: @helpdesk_kcsd_bot
- телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50