Ағымдағы жылдың қыркүйек айында омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын брокерлік шоттар саны 80 мыңға өсті.
2023 жылғы 1 қазанда Орталық депозитарийдің (KCSD) номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны 2 198 000 шотқа жетті, оның ішінде 682 000 шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 1 515 000 – Орталық депозитарийдің омнибус-шоттары арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.
KCSD есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректердің негізінде қазақстандық инвестордың портреті жасалды.

Қазақстандық инвестордың қыркүйек айындағы портреті өзгерген жоқ. Инвесторлардың гендерлік бөлінуі бұрынғы динамиканы сақтап қалды: әйел-инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталды, ал ер кісі-инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды.
Өткен айлардағы үрдістерге сүйене отырып, инвесторлардың ең көп санын 35-54 жас аралығындағы адамдар жалғастырды, олар қазан айында инвесторлардың жалпы санының 37,4 % құрады, ал қыркүйекте осы жас тобының орташа өскені байқалды.
Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25-34 жас аралығындағы адамдар иеленді, олардың үлесі инвесторлардың жалпы санының 31,3% құрады.
Үшінші топта 18-24 жас аралығындағы инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 17,2 % құрады. Осы жас тобы санының өткен аймен салыстырғанда, шамалы төмендегені байқалады.
Алматы (20 %) мен Астана (11,3%) дәстүрлі түрде аумақ бойынша көш бастап келеді. Үшінші орынды Түркістан облысы (9,4 %) иеленіп, 2022 жылдың наурызынан бастап өз позициясын мығым ұстап тұр. Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, бұл өңірде қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының нәбәрі 1,7%-ін құрайды.