Қазақстандық инвестордың 2026 жылғы 1 наурыздағы портреті

11 наурыз 2026

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі (KCSD) шоттардың жалпы саны 5 263 249 шотқа жетті, оның ішінде  700 416    шот ұстаушылардың қосалқы шоттарына және 4 562 833     – Орталық депозитарийдегі омнибус-шоттар* арқылы есепке алынатын ұстаушылардың брокерлік шоттарына тиесілі.      

2026 жылғы ақпанда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың жалпы саны  96 574 немесе 1,9 % өсті. Өсім омнибус-шоттар арқылы есептелетін ұстаушылардың брокерлік шоттарына түседі.

Көрсетілген кезеңде олар 95 701 немесе 2,1 % ұлғайды, бұл ретте ұстаушылардың қосалқы шоттары 873 шотқа немесе 0,1 % өсті.  

Төменде Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тікелей ашылған қосалқы шоттар туралы деректер негізінде жасалған қазақстандық инвестордың портреті берілген. Қаржы құралдары омнибус-шоттарда есепке алынатын инвесторлар туралы ақпарат Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

 

Инвесторлардың гендерлік бөлінісі бұрын қалыптасқан үрдістерді сақтауды жалғастыруда: әйел инвесторлардың үлесі 49,8% деңгейінде сақталса, ер инвесторлардың үлесі әлі де 50,2 % құрайды. Бұл тұрақты тепе-теңдік 2023 жылдың сәуірінен бастап байқалады.

Инвесторлардың ең көп саны дәстүрлі түрде 35 пен 54 жас аралығындағы топ болып табылады, ол инвесторлардың жалпы санының 42,2 % құрады.

Инвесторлар құрылымында екінші орынды 25 пен 34 жас аралығындағы адамдар алады. Осы айда олардың үлесі өзгерген жоқ, бұл бұрынғысынша инвесторлардың жалпы санының 32,5 % құрайды.

Үшінші топта 55 жастан асқан инвесторлар орналасқан, олардың үлесі 15,6 % құрады.

Аумақтық бөлініс бойынша көшбасшылықты дәстүрлі түрде Алматы (22,6 %) және Астана (11,05 %) сақтап қалды. 

Үшінші орында Түркістан облысы (9,3%) тұр, ол 2022 жылдың наурыз айынан бастап өз позициясын сақтап келеді.

Инвесторлардың ең аз саны Солтүстік Қазақстан облысында тұрады, онда қосалқы шоттар саны Қазақстан бойынша инвесторлардың жалпы санының 1,6% ғана құрайды. 
 


* "омнибус-шот" – клиенттік активтердің жиынтық есебін жүргізуге мүмкіндік беретін шоттың арнайы типі.