Құрметті клиенттер!
Орталық депозитарий порталдағы функцияларды Жеке кабинетке кезең-кезеңімен көшіруде.
“Doc.KACD” бөлімі Жеке кабинетке көшірілді және енді “Хабар алмасу” бөлімінде қолжетімді: https://cabinet.kcsd.kz/dockacd/messages
Егер Сіз Жеке кабинетте әлі тіркелмеген болсаңыз, “Хабар алмасу” бөліміне қол жеткізу үшін келесі сілтеме арқылы тіркеуден өту қажет: https://cabinet.kcsd.kz/
“Хабар алмасу” бөлімі Орталық депозитарийге хабарламалар мен құжаттарды жіберуге арналған.
Толық нұсқаулық келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://cabinet.kcsd.kz/instruction
Жолы: Нұсқаулықтар → Жалпы нұсқаулықтар → «Хабарлама алмасу» (Doc.KACD) бөлімін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.
Өтпелі кезеңді бірқалыпты қамтамасыз ету мақсатында ұзақтығы 1 ай болатын өтпелі кезең белгіленді. Өтпелі кезең аяқталғаннан кейін порталда орналасқан “Doc.KACD” бөлімі жабылады және осы бөлім арқылы хабарламалар жіберу мүмкіндігі қолжетімсіз болады.
Осы өзгерісті алдағы жұмыстарыңызда ескеріп, Жеке кабинетте алдын ала тіркелулеріңізді сұраймыз.
Жеке кабинетке қосылу мәселелері бойынша келесі байланыс арналары арқылы хабарласа аласыздар:
• электрондық пошта: helpdesk@kcsd.kz
• Telegram-бот: @helpdesk_kcsd_bot
• телефондар: +7 (727) 262 08 46, +7 (727) 355 47 60, +7 (717) 247 67 50
Назар аударғандарыңызға және ынтымақтастықтарыңызға алғыс білдіреміз!