2024 жылғы 29 шілдеде өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысының нәтижелері

2 тамыз 2024

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2024 жылғы 29 шілдеде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің күндізгі отырысы өткенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды: 
 

"Орталық депозитарийдің атына Ресей Федерациясының қаржы ұйымдарында номиналды ұстаушының шоттарын ашу туралы" күн тәртібіндегі мәселе бойынша
1. Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес шығарылған Қаржы құралдарын есепке алу үшін есеп ұйымдары мен қызмет көрсететін банктерді анықтау қағидаларының 10-бабының 2-тармағына сәйкес Ресей Федерациясында тіркелген келесідей қаржы ұйымдары (Орталық депозитарий үшін басымдылықтың кему тәртібімен) белгіленсін: 
1) Ресей Федерациясының аумағында жұмыс істейтін шетелдік кастодиандар: "КБ "Ситибанк" АҚ, "Райффайзенбанк" АҚ, "ЮниКредит Банк" АҚ; 
2) Ресей Федерациясының депозитарийлері: "Специализированный депозитарий "Инфинитум" АҚ, "Солид" ИФК АҚ.
2. Осы шешімнің 1-тармағында аталған кейбір қаржы ұйымдары Орталық депозитарийдің атына номиналды ұстаушының шоттарын ашудан және/немесе осы шоттарды Орталық депозитарийге қажетті режимде жүргізуден бас тартуы мүмкін екенін ескере отырып:
1) Орталық депозитарий өзінің атына осы қаржы ұйымдарының барлығында да, солардың кейбірінде де номиналды ұстаушының шоттарын ашуға құқылы; 
2) осы шешім Орталық депозитарийге осы қаржы ұйымдарында номиналды ұстаушының шоттарын ашу міндетін жүктемейді; 
3) Орталық депозитарий Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Орталық депозитарийдің атына номиналды ұстаушының шоттары ашылуы мүмкін басқа қаржы ұйымдарын іріктеу бойынша дайындық-ұйымдастыру жұмыстарын, оның ішінде осындай іріктеу үшін критерийлерді қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жалғастыруы тиіс.
3. Басқармаға Директорлар кеңесінің мүшелеріне осы шешімнің орындалуы туралы 2024 жылғы 1 қазаннан кешіктірмей немесе бұрын осы шешімді қабылдау кезінде болмаған мән-жайлар туындаған кезде хабардар етуді тапсыру.