2025 жылғы 19 қыркүйекте өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

22 қыркүйек 2025

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2025 жылғы 19 қыркүйекте Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды: 
 

"Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидалары туралы" мәселе бойынша 
1. Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидалары ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін. 
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызмет көрсету қағидалары бекітілген күннен бастап 25 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін. 
3. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Кросс-биржалық саудаға қатысушыларға қызметтер көрсету қағидаларының күші 2025 жылғы 17 маусымнан бастап туындаған қатынастарға қолданылсын.