"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 21 сәуірде Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:
"Материалдық, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету қағидаларына № 1 өзгерістер мен толықтыру туралы" мәселе бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Материалдық, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету қағидаларына № 1 өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Материалдық, қайырымдылық және демеушілік көмек көрсету қағидаларына № 1 өзгерістер мен толықтыру бекітілген күннен кейінгі бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.