2026 жылғы 14 мамырда өткен Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

15 мамыр 2026

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 14 мамырда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды: 

"Жаңа редакциядағы Тарифтер мен алымдар туралы ереже туралы" мәселе бойынша
1.    Жаңа редакциядағы Тарифтер мен алымдар туралы ереже ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2.    Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда бекітілген Тарифтер мен алымдар туралы ереже осы шешімнің 3-тармағында көзделген ерекшелікті ескере отырып, 2026 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізілсін.
3.    Есептік кезең күнтізбелік тоқсан болып табылатын және осы шешімнің 1-тармағына сәйкес жаңа редакцияда бекітілген Орталық депозитарийдің Тарифтері мен алымдары туралы ережеде көзделген тарифтер мен алымдар бойынша есептеудің 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жүзеге асырылатындығы белгіленсін.
4.    2026 жылғы 1 маусымнан бастап Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 жылғы 19 желтоқсандағы сырттай дауыс берудің № 96 (з) хаттамасы) бекітілген Тарифтер мен алымдар туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.