"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 31 тамызда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:
"Ішкі аудит қызметінің аудиторы Д.Т. Ескендірдің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы" мәселе бойынша
2026 жылғы 31 шілдеде Орталық депозитарийдің Ішкі аудит қызметінің аудиторы лауазымында Ескендір Дана Талғатқызының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Ескендір Дана Талғатқызының Орталық депозитарийдегі жұмысының соңғы күні 2026 жылғы 31 шілде болып есептелсін.