2026 жылғы 18 қыркүйекте өткізілген Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру нәтижелері

2026-09-21 12:00

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2026 жылғы 18 қыркүйекте Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткізілгенін хабарлайды, онда мынадай шешім қабылданды:

"Жаңа редакциядағы құпия ақпарат жөніндегі ереже туралы" мәселе бойынша
1. Ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда Құпия ақпарат туралы ереже бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Құпия ақпарат туралы ереже бекітілген күннен бастап бірінші жұмыс күнінен қолданысқа енгізілсін.
3. Жаңа редакциядағы Құпия ақпарат туралы ереже бекітілген күннен бастап Директорлар кеңесінің шешімімен (2011 жылғы 10 маусымдағы отырыстың № 4 хаттамасы) бекітілген Құпия ақпарат туралы ереженің күші жойылды деп есептелсін.