"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) 2025 жылғы 6 қазанда Орталық депозитарийдің Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беруі өткенін, онда мынадай шешімдер қабылданғанын хабарлайды:
"2025 жылға арналған жоспарлық мәндері бар Басқарма мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталары туралы" мәселе бойынша
2025 жылға арналған жоспарлық мәндері бар Басқарма мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерінің карталары бекітілсін.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына № 2 өзгерістер туралы" мәселе бойынша
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына № 2 өзгерістер ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатына № 2 өзгерістер бекітілген күннен бастап бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
"Комплаенс-бақылау қызметі туралы ережеге № 2 өзгерістер мен толықтырулар туралы" мәселе бойынша
1. Комплаенс-бақылау қызметі туралы ережеге № 2 өзгерістер мен толықтырулар ұсынылған жобаға сәйкес редакцияда бекітілсін.
2. Осы шешімнің 1-тармағына сәйкес бекітілген Комплаенс-бақылау қызметі туралы ережеге № 2 өзгерістер мен толықтырулар бекітілген күннен бастап бірінші жұмыс күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.