2024 жылғы 8 қарашада өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру шешімімен Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 6 толықтыру (түзету) бекітілді.
Түзету Орталық депозитарийдің қызметіне тікелей әсер ететін талаптарды, шектеулерді және/немесе ерекше жағдайларды белгілеген кезде OFAC, есепке алу ұйымдарының және/немесе қызмет көрсететін банктердің талаптарын орындамауына байланысты мүмкін болатын Орталық депозитарийдің қызметіне тән тәуекелдерді азайту мақсатында әзірленді.
Түзету Орталық депозитарийдің клиенттеріне олардың нұсқауларын орындаудан бас тарту себептерінің тізбесін кеңейтуді көздейді.
Түзету 2024 жылғы 04 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасына № 6 толықтыру Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.
Толықтыруға сәйкес өзектендірілген Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру қағидасының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қосымша бетінде жарияланды.