"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттардың формаларына № 3 өзгеріс бекітілді

19 тамыз 2026

Отырысы 2026 жылғы 30 шілдеде өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттардың формаларына № 3 өзгеріс (түзету) бекітілді.

Түзету Орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдерін қалыптастыру кезінде құралдар туралы мәліметтерді (құрал түріне байланысты) көрсету кезінде нақтылау енгізуді көздейді.

Түзету 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттардың формаларына № 3 өзгеріс Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланған.

№ 3 өзгеріске сәйкес өзектендірілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттар формаларының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланған.