Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарының Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының атауы – теңге бөлігінде өзгеріс бекітілді

7 қыркүйек 2026

Отырысы 2026 жылғы 27 тамызда өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Орталық депозитарийдің Басқармасы бекіткен Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына өзгеріс бекітілді, ол "тенге" сөзін "теңге"сөзіне ауыстыруды көздейді.

Өзгеріс Орталық депозитарийдің Басқармасы бекіткен Орталық депозитарийдің мынадай ішкі құжаттарына енгізілді:

1)    Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттардың формалары;

2)    Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның депоненттермен биржалық валюта нарығындағы SMA-қолжетімділікке қатысты өзара әрекет жасау тәртібі

Өзгеріс 2026 жылдың 7 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Өзгеріске сәйкес өзектендірілген аталған ішкі құжаттар Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетіндежарияланды.