"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыруы кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттардың формаларына № 2 толықтырулар бекітілді

24 шілде 2026

Отырысы 2026 жылғы 23 шілдеде өтізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ-ның тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыруы кезінде пайдаланылатын Операциялық құжаттардың формаларына (Операциялық құжаттардың формасы) №2 толықтырулар бекітілді.

Түзетулер цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтауға қабылдау және цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтаудан алу жөніндегі операцияларды тіркеуді орындау үшін бұйрықтардың жаңа формаларын енгізуді көздейді.

Операциялық құжаттардың формаларына № 2 толықтырулар 2026 жылғы 24 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді.

Операциялық құжаттар формаларына № 2 толықтырулар Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.

Операциялық құжаттардың жаңартылған формалары Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланды.