"Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттардың формаларына № 1 толықтырулар мен өзгеріс бекітілді

22 мамыр 2026

Отырысы 2026 жылғы 21 мамырда өтізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын операциялық құжаттардың формаларына №1 толықтырулар мен  өзгеріс бекітілді (Операциялық құжаттардың формасы).

Түзетулер мынадай өзгерістерді көздейді:

1)      Депоненттің клиентіне бірегей код беруге бұйрыққа жауап ретінде толтырылуы көзделетін "Бірегей код туралы мәліметтер" өрісімен Бұйрықтың орындалуы/орындалмауы туралы есеп формасын толықтыру (54-форма);

2)      Депозитарлық қызмет көрсетуге қаржы құралын қабылдауға өтініш формасын (59-форма) "Эмитенттің атауы" және "Қаржы құралының түрі" өрістерімен толықтыру;

3)      берушілер жергілікті атқарушы органдар болып табылатын жергілікті атқарушы органның бағалы қағаздарын шығару туралы мәліметтерді қамтитын жаңа форманы енгізу (71-форма).

Операциялық құжаттардың формаларына № 1 толықтырулар мен өзгеріс 2026 жылғы 22 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі.

Операциялық құжаттар формаларына № 1 толықтырулар мен өзгеріс Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағида] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.

Форма мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағида] бөлімінің [Тіркеу және  депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланды.