Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентіне № 3 өзгерістер бекітілді

29 мамыр 2026

Отырысы 2026 жылғы 28 мамырда өткен "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Басқармасының шешімімен Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентіне № 3 өзгерістер (түзетулер) бекітілді.

Түзетулер мыналарды көздейді:

  • Орталық депозитарийдің номиналды ұстауына құралдарды енгізуге бұйрықтарды және Орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан құралдарды шығаруға арналған бұйрықтарды қабылдау уақытын Алматы уақытымен 19:30-ға дейін ұзарту
  • операциялық күнді Алматы уақытымен 20:30-ға дейін ұзарту мүмкіндігі

Орталық депозитарийдің клиенттерінен өздерінің операциялық қызметін жүзеге асыру процесінде осы түзетулерді ескерулерін сұраймыз.

Түзетулер 2026 жылғы 29 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді.

Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентіне № 3 өзгерістер Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Операциялық регламент] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.

Өзгерістерге сәйкес өзектендірілген Операциялық құжаттарды қабылдау және беру регламентінің мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Операциялық регламент] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакциясы] қосымша бетінде жарияланды.