Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 22 өзгерістер мен толықтырулар бекітілді

3 шілде 2026

2026 жылғы 30 маусымда сырттай дауыс беру өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (жалпы бөлім) № 22 өзгерістер мен толықтырулар бекітілді.

Түзетулер:

жеке шоттардың түрлерін және олар ашылуы мүмкін тұлғалардың типтерін ретке келтіру;

құралдарды ұстаушылар тізілімдері жүйесіндегі жеке шоттар туралы және номиналды ұстаушының жеке шоттары туралы нормаларды бөлу;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "депоненттің жеке шоты" және "номиналды ұстаушының жеке шоты" деген синонимдік белгілерді енгізу;

шартты сипаттағы жеке шоттар туралы ережелерді бекіту;

цифрлық қаржы активтерінің базалық активі болып табылатын құралдарды есепке алу мақсаты үшін "базалық актив" жеке шотының бөлімін енгізу; депоненттің жеке шотында ашылған қосалқы шоттың "базалық актив" бөлімінде осындай құралдарды есепке алу мүмкіндігін қосуды қарастырады.

Түзетулер 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларына (Жалпы бөлім) № 22 өзгерістер мен толықтырулар Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.

Өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес өзектендірілген Тіркеу және депозитарлық қызметті жүзеге асыру қағидаларының (жалпы бөлім) мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланатын болады.