2024 жылғы 8 қарашада өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесі мүшелерінің сырттай дауыс беру шешімімен Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидасына № 6 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді.
Түзетулер Орталық депозитарийдің қызметіне тән тәуекелдерді азайту мақсатында және OFAC, есепке алу ұйымдарының және/немесе қызмет көрсететін банктердің Орталық депозитарийдің қызметіне тікелей әсер ететін талаптарды, шектеулерді және/немесе ерекше жағдайларды болған кезде олардың талаптарын орындамауына байланысты ықтимал жағдайды қарастырады және мыналарды көздейді:
Орталық депозитарийдің клиенттерін Орталық депозитарийді олардың клиенттері тарапынан шағымдардан/талаптардан қорғауға міндеттейтін нормалар;
Орталық депозитарийдің, егер бұл ішкі бақылау рәсімдерін орындау шеңберінде оның қызметкерлері анықтаған Орталық депозитарийдің қызметіне тән тәуекелдердің кез келгенінің іске асуына әкеп соғуы мүмкін болса, клиентке қызмет көрсетуден бас тарту құқығы.
Түзетулер 2024 жылғы 4 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидасына № 6 өзгерістер мен толықтырулар Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату] шағын бөлімінің [Өзгерістер мен толықтырулар] қосымша бетінде жарияланды.
Өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес өзектендірілген Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату қағидасының мәтіні Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Іскерлік қатынастарды орнату, қолдау және тоқтату] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланды.