Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілді

3 шілде 2026

2026 жылғы 30 маусымда сырттай дауыс беру өткізілген "Бағалы қағаздар орталық депозитарийі" АҚ (Орталық депозитарий) Директорлар кеңесінің шешімімен Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары Орталық депозитарийдің цифрлық қаржы активтерінің базалық активін сақтауының, сондай-ақ Орталық депозитарийдің цифрлық қаржы активтерін ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруының шарттары мен тәртібін регламенттейді.

Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары 2026 жылғы 21 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Цифрлық қаржы активтеріне қатысты қызметті жүзеге асыру қағидалары Орталық депозитарийдің интернет-ресурсының [Қағидалар] бөлімінің [Тіркеу және депозитарлық қызмет] шағын бөлімінің [Қолданыстағы редакция] қосымша бетінде жарияланған.