"Жеке кабинет" жаңа клиенттік порталы іске қосылды

13 шілде 2023

Орталық депозитарий 2023 жылғы 31 наурызда тәжірибелік пайдалану шеңберінде "Жеке кабинет" жаңа клиенттік порталының іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жаңа порталды құрудың мақсаты Орталық депозитарийдің қызметтері мен сервистеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету және клиенттерге қызмет көрсету процестерін оңайлату болып табылады. Клиенттік портал – бұл клиенттерге автоматтандырылған қызметтерге бірыңғай кіру нүктесін ұсынатын өзіне-өзі қызмет көрсету құралы.

Жаңа портал cabinet.kacd.kz адресі бойынша қолжетімді.

Қазіргі уақытта жаңа порталда іскерлік қатынастар орнатуға (ІҚО) өтініш беру автоматтандырылған. Бұл қызмет штаттық режимде ұсынылады.

Сонымен қатар 2023 жылғы 1 шілдеден бастап эмитенттер үшін "Жеке кабинет" жаңа порталында қаржы құралдарын мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі іске асырылды ("Мемлекеттік қызметтер" мәзірі – "Эмитент" кабинеті). Бұл қызмет пайдаланушыларды cabinet.kacd.kz сайтына тіркегеннен және олардың Орталық депозитариймен іскерлік қатынастар орнату кезеңдерінен өтуінен кейін қолжетімді болады.

Біздің қызметтер мен процедуралар туралы толығырақ ақпарат алу үшін сіз пайдаланушы нұсқаулығымен таныса аласыз.

Егер сізде қосымша сұрақтар туындаса немесе қосымша көмек қажет болса +7 (727) 262 08 46, 355 47 60 немесе ofo@kacd.kz электронды пошта арқылы хабарласуға болады.