Халықаралық сәйкестендіргіштерді беру
Халықаралық сәйкестендіргіштерді (ISIN, CFI және FISN) беру
Халықаралық сәйкестендіргіштерді (ISIN, CFI және FISN) беру
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сондай-ақ "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында шығарылатын бағалы қағаздарға және басқа да қаржы құралдарына халықаралық сәйкестендіргіштерді (ISIN, CFI және FISN) беру.
Халықаралық кодтарды беру мақсаты халықаралық айналымы бар қаржы құралдарын, сондай-ақ бірыңғай халықаралық кодификациялау жүйесі шеңберінде ұлттық қаржы құралдарын стандартталған сәйкестендіру және біркелкі жіктеу болып табылады.
ISIN – бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына оларды сәйкестендіру және есепке алуды жүйелеу мақсатында берілетін халықаралық сәйкестендіру нөмірі. Қазақстан Республикасында ISIN коды бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарының жалғыз бірегей сәйкестендіргіші болып табылады.
CFI және FISN кодтары осы кодтарды құру үшін бұрын пайдаланылған бағалы қағаздар (қаржы құралдары) және олардың эмитенті туралы ақпарат өзгерген жағдайда өзгереді. Бағалы қағаздар және олардың эмитенті туралы ақпаратты өзгерту үшін негіздеме бұрын ұсынылған және мазмұны өзгерген құжаттарды қоса бере отырып, белгіленген нысан бойынша CFI және FISN кодтарын өзгертуге өтініш болып табылады. ISIN кодын өзгертуге өтініш берілмейді, өйткені ISO 6166 сәйкес ISIN коды өзгертуге жатпайды.
Жай және артықшылықты акцияларға; облигацияларға; инвестициялық пай қорларының пайларына; банктік депозиттік сертификаттарға; Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, жергілікті атқарушы органдар шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздардың барлық түрлеріне; "Астана" Халықаралық қаржы орталығының құқығына сәйкес шығарылатын бағалы қағаздарға; сондай-ақ қатысушылар тізілімін Орталық депозитарий жүргізетін жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы үлестерге.
Орталық депозитарий растайтын құжаттың негізінде азаматтық құқықтар объектілері ретінде осы атаудың құралдарының болуы тоқтатылған жағдайда, оларға бұрын қандай да бір атаудың құралдарына берілген сәйкестендіргіштердің күшін жояды.
Қолданыстағы тарифтерге сәйкес қызмет құны 5 АЕК құрайды.
Орталық депозитарий сәйкестендіргішті беру (өзгерту, күшін жою) үшін негіз пайда болған күннен бастап оны екі жұмыс күні ішінде береді (өзгертеді, күшін жояды).
The CFI code contains the essential characteristics of securities (financial instruments) defined at their issuance, such as the type of security, type of interest and coverage, voting right, redemption terms, form of issue, etc.
FISH коды қаржы құралдарының қысқаша сипаттамаларын стандарттауға дәйекті және біркелкі көзқарасты қамтамасыз етуге арналған. Бұл код эмитенттің атауы туралы ақпаратты және оларды шығару кезінде айқындалған бағалы қағаздардың (қаржы құралдарының) жекелеген сипаттамаларын, мысалы, валюта мен номиналды құнның мөлшерін, өтеу күнін, бағалы қағаздың түрін, сыйақы түрін және басқаларды қамтиды.
Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің негізгі порталы қолжетімсіз болса, резервтік порталдарды пайдалануға болады: