Төлем агентінің қызметі
Орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың заңды ұстаушыларына тиесілі сомаларды Орталық депозитарий эмитенттен алған ақшалай қаражаттан аудару
Орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың заңды ұстаушыларына тиесілі сомаларды Орталық депозитарий эмитенттен алған ақшалай қаражаттан аудару
Орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы мемлекеттік емес бағалы қағаздардың заңды ұстаушыларына тиесілі сомаларды Орталық депозитарий эмитенттен алған ақшалай қаражаттан аудару. Қызмет бір атаудағы құралдарға қатысты көрсетіледі және эмитенттің осы атаудағы құралдар бойынша төлемдерді жүзеге асыруының бүкіл кезеңі ішінде бірнеше рет көрсетілуі мүмкін.
Орталық депозитарийді төлем агенті етіп тағайындау үшін эмитент Орталық депозитарийді өзінің номиналды ұстауындағы бағалы қағаздар бойынша төлем агенті етіп тағайындау туралы бағалы қағаздар шығару проспектісіне өзгерістер енгізуге және оларды уәкілетті органда бекітуге тиіс.
Төлем агентінің қызметтерін пайдалану эмитентке қысқа мерзімде көптеген төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Төлемдер алушылар туралы деректердің бұрмалануына жол берілмейді, өйткені Орталық депозитарий оның есепке алу жүйесіндегі бағалы қағаздар бойынша сыйақы алушылар туралы ақпараттың бастапқы көзі болып табылады. Бұдан басқа, бағалы қағаздар бойынша сыйақы алушылардың тізімін қалыптастыруға және беруге кететін уақыт шығындары қысқарады.
Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің негізгі порталы қолжетімсіз болса, резервтік порталдарды пайдалануға болады: