Сауда репозиторийінің қызметтері
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынған ақпаратты қабылдау, жүргізу және сақтау
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынған ақпаратты қабылдау, жүргізу және сақтау
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары ұсынған ақпаратты қабылдау, жүргізу және сақтау, сондай-ақ туынды қаржы құралдарымен (опциондар, фьючерстер, форвардтар, своптар және басқалар) мәмілелер тізілімін қалыптастыру және жүргізу. Клиенттер мен реттеушіге тіркелген шарттар туралы растауды ұсыну. Ақпараттың тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз ету.
Деректер базасы ақпарат беретін тұлғалар сауда репозиторийіне беретін құжаттардан алынған ақпарат есебінен қалыптастырылады және өзекті жағдайда ұсталады. Оларға екінші деңгейдегі банктер; бағалы қағаздар нарығында брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жатады.
Тізілімде туынды құралдармен келесідей мәмілелер туралы ақпарат бар: форвард, своп, фьючерстер, опцион.
Ақпарат беретін тұлға мәміле туралы немесе мәмілелердің жоқтығы туралы ақпарат бар хабарламаны Орталық депозитарийдің осы хабарламаны есепті аптадан кейінгі бірінші аптаның бірінші жұмыс күні Алматы уақытымен сағат 14:00-ден кешіктірмей алатындай мерзімде беруге міндетті.
Сауда репозиторийіне беруге немесе одан беруге жататын құжаттар Орталық депозитарий порталындағы "Жеке кабинет" жүйесі арқылы электрондық түрде ғана беріледі.
Егер ақпарат беретін тұлға есепті апта ішінде мәмілелерді есепті аптадан кейінгі бірінші аптаның бірінші жұмыс күні Алматы уақытымен сағат 14:00-ден кешіктірмей жасамаса, мәмілелердің жоқтығы туралы хабарлама сауда репозитарийіне беріледі.
Электрондық хабарламаның белгіленген форматына сәйкес мәмілелерге қатысушының сауалнамасы бар электрондық хабарламаны Жеке кабинет арқылы жіберу қажет.
Сауда репозиторийінің қызметтері үшін ақы алынбайды.
Ақпарат беретін тұлғаның Жеке кабинетінің жаңа пайдаланушыларын көрсете отырып, бұрын берілген өтініштің орнына белгіленген форма бойынша өтініш беру қажет.
Орталық депозитарий қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды орындайтын уәкілетті органға сауда репозиторийінің дерекқорларына толық қол жеткізуді ұсынады. Орталық депозитарий осы тұлға ұсынған мәмілелер туралы ақпарат шеңберінде ақпарат беретін тұлғаға мәмілелер тізілімінен үзінді көшірме береді.
Сауда репозиторийіне беруге және одан беруге жататын құжаттардың форматтары мен нысандары Операциялық құжаттарды электрондық түрде жасау тәртібі туралы нұсқаулықта (туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде) айқындалады.
Орталық бағалы қағаздар депозитарийінің негізгі порталы қолжетімсіз болса, резервтік порталдарды пайдалануға болады: