Орталық депозитарийдің Кадр саясатының негізгі мақсаты Орталық депозитарийдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде қызметкерлердің әлеуетін барынша іске асыруға ықпал ететін тәсілдерді қамтамасыз ету болып табылады.
Орталық депозитарийде қызметкерлер жұмысының нәтижелерін жыл сайын бағалаудың бірыңғай әдістерін қамтамасыз етуге, сондай-ақ қызметкердің, жалпы бөлімшенің жеке тиімділігі мен табыстылығын арттыруға арналған нәтижелілікті басқару жүйесі құрылды.
Оқыту және білім деңгейін арттыру Орталық депозитарийдің корпоративтік мәдениетінің бөлігі болып табылады. Қызметкерлерді оқытудағы негізгі басымдықтар Орталық депозитарийдің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті құзыреттерді дамыту болып табылады.
Орталық депозитарий қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу ашық, түсінікті және қызметкерлерді тиімді қызметке ынталандыруға бағытталған. Еңбекақы деңгейі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге байланысты.
Орталық депозитарийдің корпоративтік құндылықтарымен бөлісетін және нәтижесін көрсететін кәсіпқойлар тобын қалыптастыру – персоналды іріктеу кезінде Орталық депозитарий ұстанатын негізгі қағида.
Жұмысқа қабылдау кезінде кандидаттың қажетті кәсіби құзыреттіліктерінің болуы және Орталық депозитарийдің корпоративтік құндылықтарына сәйкестігі басым критерий болып табылады.