Орталық депозитарийдің шоттарын бөлу туралы

26 сәуір 2023

Орталық депозитарий ұстаушылары Ресей Федерациясы және/немесе Беларусь Республикасы азаматтарының немесе Ресей Федерациясында және/немесе Беларусь Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың қаржы құралдарын Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийлер жүйелеріндегі Орталық депозитарий шоттарында бөлу процесінің жалғасуда екенін хабарлайды. 

Орталық депозитарийдің ресейлік депоненттердің активтерін бөлу процесін Орталық депозитарий 2022 жылы Euroclear және Clearstream халықаралық депозитарийлердің талабы бойынша бастаған. Бұл процесс Еуропалық Одақтың Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасына қатысты санкцияларын сақтаумен байланысты.

2023 жылғы мамырдан бастап Орталық депозитарий ұстаушылары Ресей Федерациясы және/немесе Беларусь Республикасы азаматтарының немесе Орталық депозитарийдің қазақстандық депоненттерінің атына брокерлік шоттар ашылып, Ресей Федерациясында және/немесе Беларусь Республикасында тіркелген заңды тұлғалардың қаржы құралдарын бөлуге кіріседі.

Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі қаржы құралдарын есепке алудың дұрыстығы мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында мұндай шоттар (қосалқы шоттар) бойынша қаржы құралдарын шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігі Ресей және Беларусь азаматтары мен заңды тұлғаларының активтерін халықаралық депозитарийлердегі номиналды ұстаудың мамандандырылған шоттарына (қосалқы шоттарына) аудару рәсімі аяқталғаннан кейін қолжетімді болады.

Орталық депозитарий қаржы құралдарын аударуды аяқтау рәсімі туралы қосымша хабарлайды.